Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Көктөбе бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-59-23
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-59-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні
02
май
2019

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Көктөбе бастауыш мектебінде 28 сәуір күні 3 "а" сыныбында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектепішілік "Қазақстан - достық мекені" тақырыбында сынып жетекшісі С. Байбатшаеваның жетекшілігімен тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдеінің дінін, тілін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекелік іс-шараны мектеп меңгерушісі Джадраева Маралжан Нургисаевна құттықтау сөзімен ашып берді. Оқушылардың қатысуымен «Бірлік болмай тірлік болмас» атты тақырыбта сахналық көрініс қойылып, оқушылар әр - түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп әндерін айтып, билерін биледі. Мағыналы, мазмұнды өлең, тақпақтарын арнады. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған 3 "а" оқушылары үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Көктөбе бастауыш мектебінде оқып жатқан оқушылар әр - түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Мерекелік іс-шараға ата-аналар, мұғалімдер қатысып тамашалады. Ата-аналардың да құттықтау сөзіне кезек берілді. Сонымен қатар 3 "а" сынып жетекшісі С. Байбатшаеваның "Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік!" 1 мамыр құтты болсын! деген тілектерімен аяқтады.