Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Көктөбе бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-59-23
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-59-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2019

Наурыз мейрамы

Көктөбе бастауыш мектебінде тәлімгер А. Абитаеваның ұйымдастыруымен 20 – шы наурыз күні «Ұлыстың ұлы күні - наурыз» атты іс-шара өтілді. Іс-шара мақсаты: Балаларға салт-дәстүрімізді насихаттау, наурыз мерекесін терең түсіндіру, еліміздің патриот болашағын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, видео роликтер, қабырға газеттері.
Тәрбие сағатын мектеп меңгерушісі М.Н. Джадраева ашты. Ауыл әкімі Н. Кондыбаева қонақ ретінде қатысып тамашалады. Наурыз мерекесіне арналған видео роликтер көрсетілді. Түрлі слайдтар қойылып, наурыз мерекесін толықтай аша білді. 3 сынып оқушылары қазақтың «Бесікке салу» салт- дәстүрін көрсетті. 1-4 сынып оқушылары Наурыз туралы әндерін орындады. ұлағатты ұстазымыз К. Абдрахманова шашу шашып,Қыдыр атамен Наурыз қызды ортаға шақырды. Қазақтың тойы, мереке - мейрамы балуандар күресінсіз, күш сынасуынсыз өтпеді. 3-4 сынып ұлдары білек күшін сынастырып, мықтысы анықталды. Анықталған жеңімпаз марапатталды. Сонымен қатар, 1 сынып қызы Бақтыбек Айзере «Шашу» биін тарту етті. 2-4 сынып оқушылары дәстүрлі әндер айтып, көрермендердің қошеметіне бөленді .
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы