Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Көктөбе бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-59-23
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-59-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндік
13
февраль
2019

«Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндік

Көктөбе бастауыш мектебі бойынша 2019 жылдың ақпан айының 1-12 аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндік өткізілді. Балаларға адамгершілік-рухани тәрбие беру, жалпы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті қалыптастыру мақсатында өткізілгелі отырған онкүндіктің ең алдымен нұсқаулықтар негізінде жоспары әзірленіп, құрылып бекітілді. Сол жоспарға сәйкес 1 ақпан күні жалпы мектептік дәлізде онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді. Барысында махаббат пен шығармашылық үндестігі туралы ой қозғалды. Оқушылар мейірімділік пен махаббат тақырыптарында өлең жолдарын оқыды. Мектеп меңгерушісі М.Н. Джадраева онкүндіктің жоспарымен таныстырып, барлық оқушыларды белсене қатысуға шақырды. Сонымен бірге оқушыларға эстетикалықтәрбие беру мақсатында мектептің кіре берісі онкүндік тақырыбына сәйкес безендірілді, махаббат пен шығармашылық үндестігі туралы ой қозғалды.

Атап айтсақ «Өзін – өзі тану адамгершілік рухани бағдарламаның авторы С. А. Назарбаеваның» қызметі туралы оның ішінде автордың жазған кітаптары туралы кітапханашы А. Абитаева «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітапханада көрме ұйымдастырды.

   Мектеп психологы А. Жакыпбаева мен тәлімгер А. Абитаева  кітапханада «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыптарда әңгімелермен оқушылардың әлеуметтік жобаларының презентациясын өткізді.

  Мектеп психологы А. Жакыпбаева «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияда 3-4 сынып оқушылары өз қолдарынан жасаған қағаз гүлдері мен қолдан жасаған  бұйымдарын бір-бірлеріне сыйлады.  Акция барысында балалардың жүрегінде Отанға, адамдарға, қоғамға деген мейірімділік, сүйіспеншілік және құрмет сезімдерін дамыту мақсаты алға қойылды. Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу.

    3-4 сыныптар арасында жоспарға сәйкес  «Руханилықтық мөлдір бұлағы» атты тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы  сурет салу, эссе жазу арқылы тәрбие мен білім беру жүйесінде адамгершілік – рухани жетілдіру балалардың шығармашылық жұмыстарын көрсете білді.

   Шет тілдері пәндерінің мұғалімдері Т. Тохтарова мен Ш. Әшімханның жетекшілігімен «Қайырымдылық жер бетінде» атты флеш-моб, театрланған қойылымдар мен қуыршық театры өткізілді. Мақсаты сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.

   2-3-4 сыныптар арасында «Балаға жүрек жылуы» С. А. Назарбаеваға арналған тақырыптық ашық сабақтар өткізілді.  Сабақтын мақсаты оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру, әдеп нормаларын дамыту, әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету, ана мейірімін ұғындыру болды.

  «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық өзін – өзі тану онкүндігінің жабылуы салтанатына «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады»  концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Салтанатты жиында  өткізілген он күндікке сараптама жасалынып, талданды. Ұйымдастыру және өткізу барысындағы кемшіліктер мен қиындықтар туралы айтылды. Келешекке ұсыныстар мен түзетулер қарастырылды. Он күндік аясында өткізілген іс-шараларда белсенді қатысып өнер көрсеткен оқушылар марапатталды.

Похожие публикации:

07 февраль 2019 Мекен жайымыз