Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Көктөбе бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-59-23
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-59-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұқағали Мақатаев туған күн
25
апрель
2019

Мұқағали Мақатаев туған күн

Осыдан 88 жыл бұрын ары таза, жаны мөлдір, өлеңдері келешек ұрпақ үшін мәңгілік мектепке айналған, қазақ жырының бұрын көрінбеген жаңа қатпарларын ашып, қара өлеңді әрбір қазақтың сырласына, мұңдасына айналдыра білген қыран қанат тау ұлы Мұқағали Мақатаев дүние есігін ашқан. Ақынның әрбір өлеңін оқығанда керемет күй кешіп, рухани күш аласың. Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі кемел, шаңырағы биік, керегесі кең болуын ойласақ, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу бүгінгі күннің еншісінде. Сондықтан да мектеп кітапханашысы жоспарына сай Мұқағали Мақатаевтың 88 жасқа келген туған күнін мерекелеу құрметіне «Мұқағали Мақатаев ғасыр ақына» тақырыбында өнер байқауын ұйымдастырылды. Өнер байқауы бастауыш сынып оқушыларына сай үш кезеңді қамтыды, ақынның өлеңдерін жатқа оқу, өлең сөздеріне жазылған ән байқауы, ақынның бейнесін, ақын жасаған бейнелерді сомдау. Байқау соңында мектеп меңгерушісі М. Н. Джадраева сөз сөйлеп, өнерлерін көрсеткен оқушыларды марапаттады. Ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.
Мұқағали Мақатаев туған күн