Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Көктөбе бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-59-23
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-59-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
март
2019

Көрісу күні

Бүгін Көктөбе бастауыш мектебінде

Көрісу күні

 

Көрісу күні

 

Көрісу күні

 

Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын - Көрісу күні. Бұл күнді кей жерлерде "Амал" деп те атайды. Көрісу - бұл қазақтың ежелгі дәстүрі. Бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір - бірін амал мерекесімен құттықтайды.
Көрісу - тек адамдардың бір - біріне амандасып, жақсылық тілейтін қуаныш мерекесі ғана емес, сондай - ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. 
Көрісу күнінің араздасқан, бір-бірімен араласпай кеткен жақын адамдарды татуластыруға, табыстыруға бағытталған қасиеті бар. Бұл күні бір-бірін танитын бүкіл адам, тіпті әртүрлі себептерге байланысты жанжалдасып, бет көріспей кеткендер де көрісіп, қол алысуға міндетті. Ежелден келе жатқан салттың талабы — осындай. Сөйтіп, көрісіп, біріне-бірі ақ тілегін айтқан адамдар бұдан кейін арадағы реніштерін жойып, табысады.

Жасыңыз құтты, жылыңыз ырысты, берекелі, қазаныңыз толы болсын, ағайын!