Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Көктөбе бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-59-23
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-59-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жас қырандықтар тобына қабылдау жиыны өткізілді.
30
апрель
2025

Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жас қырандықтар тобына қабылдау жиыны өткізілді.

Көктөбе бастауыш мектебінде 2 сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жас қырандықтар тобына қабылдау жиыны өткізілді. Салтанатты рәсімде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының сертификатын оқушыларымызға мектеп меңгерушісі Джадраева Маралжан Нургисақызы табыстады. Әрі кішкентай бүлдіршіндерімізді жас қырандықтар қатарына қосылғанымен құттықтады.
Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының адал азаматтары.
Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.
Жасұлан ұйымының мүшесі — оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
Жасұлан ұйымының мүшесі — шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
Жас қырандықтардың болашағынан үмітіміз зор, олар елдің тірегі, жарқын келешектің иелері болады деп сенеміз.

Похожие публикации:

09 октябрь 2024 "Еңбегі адал"
15 декабрь 2022 Жас қыран
28 октябрь 2022 Жас Қыран
01 сентябрь 2022 Алғашқы қоңырау