31
август
2022
"Мектепке-жол" акциясы
Шу ауданы білім бөлімінің Көктөбе бастауыш мектебінде «Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық!» үндеуімен көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары үшін ұйымдастырылып жатқан «Мектепке жол» акциясы өз жалғасын табуда. Әр баланың жүрегіне ризашылық сенім ұялату, адамгершілік-рухани дамуына бағыттау, қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Осындай игі іс жасаған Жаңақоғам жастар партиясының төрайымы Сәрсенбекова Анар ханымға алғысымызды білдіреміз. Мектепке қажетті оқу құралдары мен сумка 10 мың теңгеге әперілді. 1 сынып оқушысына табыс етілді. Сонымен қатар көмек қолын созып жүрген жаны жомарт
азаматтарға ата-аналар мен мектеп ұжымы алғысымызды білдіреміз.
азаматтарға ата-аналар мен мектеп ұжымы алғысымызды білдіреміз.