Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Көктөбе бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-59-23
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-59-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мектеп асханасы" республикалық акциясы
26
февраль
2020

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Көктөбе бастауыш мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

27 қаңтар мен27 ақпан аралағында Республикалық «Мектеп асханасы»
акциясы аясында атқарылған іс- шаралар туралы
МӘЛІМЕТ
Көктөбе бастауыш мектебінде 2019-2020 оқу жылының басынан мектептің 2019 жылғы №23 бұйрығымен тегін ыстық тамақты ұйымдастыру,сондай-ақ, №27"Мектепте тегін тамақтандыру сапасынабақылау жүргізу үшін бракеражды комиссия құру туралы" бұйрық және №28бұйрығымен "Мектепте білім алушыларды тамақтандырудың сапасына мониторнг жүргізу туралы" мониторинг комиссия құрамы құрылып, бекітілді. Жоспарлы жұмыс жүргізілді.
Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 27 қаңтардағы №59 бұйрығы орындау мақсатында, мектепте а.ж. 27 қаңтар күні №6 "Мектеп асханасы" республикалық акциясын өткізу туралы" бұйрығы шығарылды. Атаған бұйрыққа сәйкес, іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Акцияның алғашқы күндері оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу және бақылау жасау жөнінде мониторинг және бракераж отырысы өткізіп, акция барысында жұмысты белсене жүргізу бойынша іс-шаралар қабылдады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына сәйкес, асханадағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына , яғни тазалық, асханадағы тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуіне, ондағы заттардың бөлек сақталуына және аспазшының гигиеналық талаптарды қатаң сақтауына бақылау жүргізді. Сондай-ақ "Мектеп асханасы" акциясы аясында жоспарға сәйкес әр аптаның жұма күндері "Ашық есік" күні болып жарияланып, асхана жұмысының тыныс-тіршілігімен таныстырылды. Ата-аналар мектепте балаларға берілетін тамақ сапасын байқап, қанағаттанарлық бағаларын берді.Мектеп психологы оқушылардан тамақтану сапасының деңгейін анықтау мақсатында сауалнамалар алып, қорытындысын шығарып отырды.
Акция барысында мектеп медбикесі «Гигиеналық талаптардың сақталуы» тақырыбында баяндама оқыса, «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі», «Дәрумендердің пайдасы»- сынып сағаттары өткізілді.
Мониторинг комиссиясы акция кезінде азық-түлік сапасына, күнделікті ас мәзіріне сәйкес нормалардың сақталуы мен астың сапалы берілуіне көп көңіл бөліп бақылау жүргізді. Акция соңында отырыс өткізіп, жоспарға сәйкес, "Мектеп асханасы" республикалық акция жұмысын қорытындылады.
Мектеп асханасынының көрінісі
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

Азық - түліктің сапасының сақталуын қадағалау кезі
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы