Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Көктөбе бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-59-23
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-59-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар назарына хабарландыру!
23
март
2023

Ата-аналар назарына хабарландыру!

📌Ата-аналар назарына хабарландыру! 
❗️❗️❗️1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады! 
 «Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Көктөбе бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызда аяқталатынын хабарлайды!
✨️Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылуда: 
1) egov.kz электронды үкімет порталы арқылы
2) қағаз түрінде
✨️Қажетті құжаттар тізімі:
1. ата-ананың өтініші;
2. баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.
3. «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспортын» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.
✨️Мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. 
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында кез-келген азамат өздігінен ақпарат ала алады.«Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы электронды қызметтерді алу бойынша, жауапты маман көмек көрсететін болады.