Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Көктөбе бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-59-23
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-59-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қыс қызығымен"
05
январь
2023
"Қыс қызығымен"
Көктөбе бастауыш мектебінде  27-29 желтоқсан  күндері жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгіліктер өткізілді.  Жаңа  жылдық шырша мерекесін мектеп  басшысы  М. Н. Джадраева жаңа жылдық тілекпен ашып берді. Мектебіміздің мұғалімдері сахналық  қойылымдар көрсетіп,  оқушылардың  көңіл-күйлерін көтерді.     Жаңа-жыл кейіпкерлері  Аяз ата  мен  Ақшақарға оқушылар өз өнерлерін көрсетіп,  сыйлықтарын  алды
Тәуелсіздік  бәрінен  қымбат
16
декабрь
2022
Тәуелсіздік бәрінен қымбат
Көктөбе бастауыш мектебінің 3а сынып жетекшісі С.А.Байбатшаева 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.    Мақсаты: 1.Желтоқсан құрбандарын еске алу, рухына тағзым ету. 2.Тәуелсіздіктің қадірін білуге, қастерлеуге тәрбиелеу. 3.Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын ашық айта білуге баулу.    Дөңгелек үстелге желтоқсан оқиғасының куәгері мектеп мұғалімі Д.И.Босқынбаева шақырылды.    Мектеп меңгерушісі М.Н.Джадраева
Жас  қыран
15
декабрь
2022
Жас қыран
Көктөбе бастауыш мектебінің аға тәлімгері Кошен Улбосын Бейбитжанкызының ұйымдастыруымен 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына орай 15 желтоқсан күні 2  сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өткізілді. Мектеп меңгерушісі Джадраева Маралжан Нурғисақызы өзінің құттықтау сөзімен бастады. " Жас Қыран" ұйымына 15  оқушы қабылданды. Жиынға қатысқан ұстаздар қауымы оқушылардың төс белгілерін тағып, өздерінің
Сиқырлы  қыс
09
декабрь
2022
Сиқырлы қыс
Көктөбе бастауыш мектебінің аға тәлімгері Кошен Улбосын Бейбитжанкызының ұйымдастыруымен   "Сиқырлы қыс" тақырыбында   мектепішілік сурет байқауы өткізілді.  Оқушылардың  жұмыстары сарапталып, үздік сурет салған оқушыларды мектеп меңгерушісі  Джадраева Маралжан Нургисаевна мақтау қағаздарымен марапаттады. Нәтижесінде 4"а" сынып оқушысы Серікбек Назерке және 4"ә" сынып оқушысы Төрехан Мади  I- орын  иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды.
Алтын күз
11
ноябрь
2022
Алтын күз
Көктөбе бастауыш мектебінің 1 А  сынып жетекшісі Халыкова С.О."Алтын күз" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: Оқушыларға күз туралы түсініктерін молайту,жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату,күз айларын атай білуге үйрету. Еңбекке ,табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге,сезінуге тәрбилеу
Жас  Қыран
28
октябрь
2022
Жас Қыран
Көктөбе бастауыш мектебінде аға тәлімгер Кошен Улбосын Бейбітжанқызының ұйымдастыруымен «Ұланымыз Ұлы Елдің!» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының   қатарына "" Жас Қыранды" қабылдау салтанаты жиыны өткізілді. "Жас Қыран" ұйымының төсбелгісі тағылды
Арайлы алтын күз
26
октябрь
2022
Арайлы алтын күз
Шу ауданы білім бөлімінің "Көктөбе бастауыш мектебі"  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 26 қазанында   аға тәлімгер Кошен Улбосын Бейбітжанқызының ұйымдастыруымен 2-4 сыныптар арасында "Арайлы алтын күз"  тақырыбында байқау өтті.  Әр сынып  байқауда берілген шарттар бойынша өз өнерлерін көрсетті. Байқау жоғары дәрежеде өтті.  Әділ қазылар алқасы әділ бағаларын  беріп, бас жүлдені  алған 2"а"  сынып "Қарбыз" тобын, І-орын алған 3"а"сынып "Құлпынай" тобын, ІІ-орын алған 4"ә"сынып
Мұхтар мұрасы
18
октябрь
2022
Мұхтар мұрасы
Шу  ауданы білім бөлімінің  Көктөбе бастауыш мектебінің   кітапханашысы                             Омарова Д. С. ұйымдастыруымен     Мұхтар  Әуезовтың  125 жылдығына  арналған  мектепішілік  "Мұхтар мұрасы" атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.  Іс- шараға мектеп мұғалімдері  және оқушылары қатысты.  Мектеп меңгерушісі  Джадраева  Маралжан  Нұрғисаевна жүлделі  орындарға ие болған  оқушыларды  құттықтап,  мақтау қағаздарымен  марапаттады.