Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Көктөбе бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-59-23
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-59-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ардақты анашым"
07
март
2023
"Ардақты анашым"
Көктөбе бастауыш мектебінің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Боскумбаева Дина Ибрагимовнаның ұйымдастыруымен 🌹8- НАУРЫЗ 🌹 халықаралық әйелдер күніне орай "Ардақты анашым" атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Мектеп басшысы Джадраева Маралжан Нургисаевна ұстаздарды, оқушыларды құттықтау сөзімен бастады.     Балалардың назарына ұсынылған бейімделген концерт, мұғалімдерге, оқушыларға шаттық пен қуаныш сыйлады.
"Армандар орындалады"
01
март
2023
"Армандар орындалады"
Көктөбе бастауыш  мектебінің психологы Жакыпбаева Акбота Шалкарбаевна  ақпан айындағы психологиялық кеңес беру айлығының шеңберінде  4-сыныптар арасында  "Армандар орындалады" тақырыбында   сурет байқауы өткізілді. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып мақтау қағаздарымен мара патталды.
"Алтын жүрек"
01
март
2023
"Алтын жүрек"
Көктөбе бастауыш мектебінде аға тәлімгер Кошен Улбосын Бейбитжанкызының  ұйымдастыруымен 01.03.2023 жылы 1-наурыз  күні  Алғыс айту күніне  "Алтын жүрек"  акциясын өткізді. Мектеп басшысы Джадраева Маралжан Нургисаевна акция барысында оқушыларға, мұғалімдерге    алғыстарын білдірді! Баршаңызды алғыс айту  күнімен шынайы ықыл асымен құттықтаймын! Әрқашанда көңілді, ақ жарқын  мінездеріңізбен жаныңызда жүрген адамдарға үнемі рахмет айтуды Алла нәсіп етсін. Адамзат туы ар болар, Әділдік соған нәр
"Баршаға бақыт тілейміз"
01
март
2023
"Баршаға бақыт тілейміз"
Көктөбе бастауыш  мектебінің психологы Жакыпбаева Акбота Шалкарбаевна  ақпан айындағы психологиялық кеңес беру айлығының жоспарына сәйкес "Баршаға бақыт тілейміз" тақырыбында 4 -сынып оқушылары ЭССЕ  жазды. Сауатты, көркем етіп жазған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
"Біз біргеміз"
22
февраль
2023
"Біз біргеміз"
Көктөбе бастауыш  мектебінде психологиялық кеңес беру айлығының жоспарына сәйкес «Біз біргеміз» атты тақырыпта 1 сынып  оқушылары флешмоб биледі.  Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп,  болашаққа деген көз қарасын, өз әлемдерінің қаншалықты жағымды, әдемі әсерлерге толы екенін жеткізді.
"Құпия дос"
21
февраль
2023
"Құпия дос"
Көктөбе бастауыш  мектебінің психологы Жакыпбаева Акбота Шалкарбаевна  ақпан айындағы психологиялық кеңес беру айлығының жоспарына сәйкес көңіл көтеру,  бір-бірлеріне деген құрмет, сергектік, адамгершілік, мейірімділік қатынасын қалыптастыру және ұжымды біріктіру мақсатында 3сынып оқушылар  арасында "Құпия дос" атты акциясын ұйымдастырды.  Акция барысында оқушылар бір-бірлеріне " Құпия хат " жазып,  бір - біріне деген достық қарым-қатынаст арын білдірді.
"АҚБОТА" ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ
21
февраль
2023
"АҚБОТА" ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ
Көктөбе бастауыш мектебінен 4-7 ақпан аралығында "Дарын" республикалық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен "Ақбота" зияткерлік олимпиадасына 1-4 сынып білім алушылары қатысып I, ll, lll дәрежелі дипломдармен марапатталды.
"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр"
09
февраль
2023
"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр"
Көктөбе бастауыш мектебінің кітапханашысы Омарова Динара Сабитқызының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай  "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауды мектеп басшысы Джадраева Маралжан Нұрғисаевна  ашып берді. Іс-шараға мектеп мұғалімдері және 2-4 сынып оқушылары қатысты. Байқауға белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен  марапат талды.
Қазыбек бидің 355 жылдығы
06
февраль
2023
Қазыбек бидің 355 жылдығы
Көктөбе бастауыш мектебінің 4ә сынып мұғалімі А. Айжарыкова Қазыбек бидің 355жылдығына орай тәрбие сағатын өткізді.  Мақсаты: Қазыбек бидің өмірі мен шешендік сөздерінің шығу тарихы туралы мағлұмат беру;  Еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру;  Тәрбие сағатында Қаз дауысты Қазыбек бидің өмірі мен тарихтағы орны туралы таныстырылды. Интербелсенді тақта арқылы видеороликтер көрсетілді.
"Әліппеге мың алғыс"
27
январь
2023
"Әліппеге мың алғыс"
Мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларының алғаш қолына ұстаған оқулығы-Әліппе! Осы оқулықтың аяқталуына байланысты Көктөбе бастауыш мектебінде 1-сынып жетекшісі Халыкова С.О. ұйымдастыруымен "Әліппеге, мың алғыс!"атты ертеңгілік  өткізілді.Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу.Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін - өзі басқаруға үйрету.Ертеңгілік мектеп басшысы ДжадраеваМ.Н оқушыларды құттықтау сөзімен басталды. Білім алушылар ата- аналар мен