Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Көктөбе бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-59-23
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-59-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы Республикалық педагогикалық кеңес
20
август
2020

Жалпы Республикалық педагогикалық кеңес

Көктөбе бастауыш мектебінде 2020жылдың 19 тамызында "2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру" тақырыбында жаңа оқу процесін ұйымдастыру аясында педагогикалық кеңес өтті.Педагогикалық кеңесте короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктерімен таныстырылды.Күн тәртібінде жаңа оқу жылында штаттық форматта оқу жоспарланды, онда педагогтарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен мектепке баруға қойылатын талаптар түсіндірілді.Сондай -ақ мұғалімнің жұмыс орны, техникалық дайындық,педагог имиджі және этикетті сақтау,білім алушыларды бағалау ережелеріндегі өзгерістер және баланы өз бетінше жұмыс істеуге,оқуға қалай ынталандыру керектігі жөнінде мектеп меңгерушісі М.Н.Джадраева таныстырып өтті.