Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Көктөбе бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-59-23
Есепші бөлімі:
+7(72638) 5-59-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалардың қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында жүргізілген түсіндірме жұмыстары туралы мәлімет
10
август
2020

Балалардың қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында жүргізілген түсіндірме жұмыстары туралы мәлімет

Көктөбе бастауыш мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық насихат жұмыстары жүргізілді.Ата - аналарына бала қауіпсіздігін алдын алу туралы кеңестер бойынша оқушылар чатына жадынамалар таратылып, сұхбаттасу жүргізілді.Мектептен үйге және үйден мектепке дейінгі жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі,жолда жүру ережелерінің сақталуы туралы түсіндірмелер айтылды. Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар! Сіздің балаңыздың үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар!
АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС
Балаларыңызға көшеде бөгде адаммен әңгімелесуге болмайтынын айтыңыз! Үй кіреберісіне бөгде адаммен кірмеуін қадағалаңыз. Егер бейтаныс адам баланы қонаққа шақырса немесе үйіне жеткізіп салуды ұсынса, көрші болса да келіспеген абзал. Бөгде автокөліктерге отыруына тыйым салыңыз. Егер баланы сабақтан, үйірме немесе басқа да жағдайдан күтіп алатындай мүмкіндік болмаса, сыныптастарымен бірге қайтуды ұсыныңыз. Көшеде қас қарайғанша жалғыз жүрмеуіне абай болыңыз. Балаңыздың үйге, пәтерге бейтаныс адамдарды кіргізуге болмайтынын түсіндіріңіз. Тәуекел тобынан (маскүнемдер,нашақорлар, сотталғандар және т.б) тіпті олар алыс туыстар да қашық жүрген дұрыс.