"Ұлттық кітап"
Көктөбе бастауыш мектебінде "Ұлттық кітап" күніне орай іс-шара өткізілді. Мақсаты: кітап оқу мәдениетін насихаттап, өскелең ұрпақты рухани байыту, оқу мен ойлауға тәрбиелеу.Кітап – білім мен парасаттың қайнар көзі. Әр ұлттың рухани дамуы, тарихы мен болмысы кітап арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. Бүгінде цифрлы дәуір кітапқа деген сұранысты өзгертсе де, оның құндылығы мен рөлі кеміген жоқ. Қайта, адамзат ақпарат тасқынына тұншыққан заманда шынайы білім мен тәрбиені кітаптан іздей бастады.