27
январь
2023
"Әліппеге мың алғыс"
Мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларының алғаш қолына ұстаған оқулығы-Әліппе! Осы оқулықтың аяқталуына байланысты Көктөбе бастауыш мектебінде 1-сынып жетекшісі Халыкова С.О. ұйымдастыруымен "Әліппеге, мың алғыс!"атты ертеңгілік өткізілді.Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу.Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін - өзі басқаруға үйрету.Ертеңгілік мектеп басшысы ДжадраеваМ.Н оқушыларды құттықтау сөзімен басталды. Білім алушылар ата- аналар мен мұғалімдерге өз білімдерін, өнерлерін көрсетіп ,белсенді қатысты.Шырқаған әсем әндері мен билеген билері ,ұстазға,ата -анаға, әліппеге арналған жыр-шумақтарын мәнерлеп жатқа айтып ертеңгілікке ерекше сән берді.Білім алушылар әліппеден хат танып,оқуды ,жазуды үйрене отырып …