"Қош келдің ,Әз наурыз!"
#Наурызмейрамы Көктөбе бастауыш мектебінде 2023 жылдың 17 наурызында аға тәлімгер Кошен Улбосын Бейбитжанқызының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай "Қош келдің, Әз наурыз! " атты іс-шара өтті. Мектеп басшысы Джадраева Маралжан Нургисаевна ұстаздарды, оқушыларды наурыз мерекесімен құттықтады. Іс-шара барысында оқушылар өлең, тақпақтарын айтып, билерін биледі. Сонымен қатар қазақтың ұлттық салт дәстүрі "Бесікке салу" рәсімі көрсетілді.