20
October
2019
"Қауіпсіз мектеп"
Облыс әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Scienceнің 2019 шілдедегі №3-15-3- 2613 хатын назарға алу және орындау мақсатында 2019 жылғы 20 тамыздан 20 қазанға дейін барлық білім беру мекемелерінде "Қауіпсіз мектеп" республикалық акция өткізу жоспарланды. Жоспар бойынша 8 қыркуйек күні сағ 10-да мектебімізде ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында қауіпсіз шараларын жетілдіру. Жиналысқа 12 мұғалім, 81 ата-ана қатысты. Жиналыста бейнетаспалар көрсетілді. Қауіпсіз жүріп тұру ережелері бойынша ата-аналарға арналған парақшалар таратылып,көшеде,жолда, үйде сонымен қатар бөгде адамдармен қауіпсіз жүру ережелерін түсіндіру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 2-4сыныптар арасында "Қауіпсіздік шұғыласы" атты сурет байқауы өткізіліп оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Жолдағы қауіптерден сақтану мақсатында "Жол ережелерін білейік - аман есен жүрейік", "Сақтансаң сақ боларсың", "Өрт қауіпсіздік ережелері", "Жол ережелерін білесіңбе?" тақырыптар бойынша сынып сағаттар өткізілді. Teachers мен оқушылардың қатысуымен "Өмір тамаша" атты флеш-моб ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралар бейнетаспаға түсірілді.